Skip to main content

ФИЛАРМОНИЯ ТУРАЛЫ

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония – ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан бері өнердің тамыры соғып тұрған қаланың музыкалық жүрегі, елордадағы ертеден келе жатқан мәдениет мекемелерінің бірі. Елордалық филармонияның қазіргі ғимаратының орнында Ақмола сауда орталығы - Қараөткел болған. Бұл ауқымды жәрмеңке аймақтың түкпір-түкпірінен келген саудагерлердің ғана емес, халық музыка өнерінің өкілдері үшін үлкен сахна болды.

Мұнда атақты Ғазиз Файзоллаұлы, Сатмағамбет Ахметов, Қосымжан Бабақов, Қарақас, Қапаш, Исабай және тағы басқа әншілердің көптеген жанкүйерлері жиналды. Белгілі музыканттар өздерінің шығармаларымен қоса, Ақан сері, Біржан салдың әйгілі туындыларын да орындады. Филармонияның қазіргі музыкалық жан-жақтылығы мүмкін осыдан бастау алған шығар...

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал еңбек – адал азамат» атты концерт өтті. Шараның басты мақсаты – еңбек адамдарының қоғамдағы орнын айшықтап, әр саланың мамандарына құрмет көрсету, жас ұрпаққа адал еңбектің қадір-қасиетін дәріптеу болды. Концертке филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысып, еңбек тақырыбына арналған әсерлі әндер мен күйлерді орындады. Көрермендер сүйікті өнерпаздарының орындауындағы туындылар...
  В Камерном зале Государственной академической филармонии имени Еркегали Рахмадиева Духовой оркестр имени К. Жумакенова представил новую программу — «По мотивам Данте», основанную на произведениях Франко Чезарини Mosaici Bizantini («Мозаики Византии») и Роберта Смита The Divine Comedy («Божественная комедия»). Публика совершила увлекательное путешествие в мир философии, античности и музыки, вдохновленной бессмертной поэмой Данте Алигьери. Автор литературного сценария и художественн...
2025 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және қызметкерлер арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.Жиынға бас директор М.Тайпин төрағалық етіп, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Комплаенс офицер Ж.Сүлейменов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ...
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында Халықаралық байқаулардың лауреаты Фируза Рахметованың «Viva la voce» атты жеке концерті өтті. Әсем әуенге толы кеште әншінің орындауындағы классикалық туындылар мен халық әндері көрермен жүрегін тербеп, ерекше әсер сыйлады. Концерт барысында Фируза Рахметова өзінің сыршыл да нәзік үнін қазақы мақаммен өрнектеп, халыққа рухани қуаныш сыйлады. Әнші орындаған:«Десе бұлбұл бақшадан,Жүрекке болсын деп дауа,Қамықпа, сұлу...
27 қыркүйек күні Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, дәулескер күйші-композитор Тоғжан Жахиннің қатысуымен «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты танымдық дәріс-концерт өтті. Көрермен қауымға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының тарихы мен ерекшеліктері таныстырылып, олардың үнімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді. Дәріс-концерт барысында күйлер орындалып, ұлттық мұрамыздың бай қырлары ашылды....
«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік 2025 жылғы 21 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күніне орай елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараға мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, соның ішінде Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымы да белсене қатысты. Филармония қызметкерлері сенбілік бар...

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР