Skip to main content

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Viva la voce» концерті өтті

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында Халықаралық байқаулардың лауреаты Фируза Рахметованың «Viva la voce» атты жеке концерті өтті.

Әсем әуенге толы кеште әншінің орындауындағы классикалық туындылар мен халық әндері көрермен жүрегін тербеп, ерекше әсер сыйлады.

Концерт барысында Фируза Рахметова өзінің сыршыл да нәзік үнін қазақы мақаммен өрнектеп, халыққа рухани қуаныш сыйлады. Әнші орындаған:
«Десе бұлбұл бақшадан,
Жүрекке болсын деп дауа,
Қамықпа, сұлу қалқажан,
Бақыттың әлі алдыңда» – деген шумақтар залда отырған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Жылы да әсерлі концерт соңында көрермендер Фируза Рахметованы зор қошеметпен ұзақ қол соғып, шығармашылық табыс тіледі.

WhatsApp_Image_2025-10-02_at_10.52.48_2.jpegWhatsApp_Image_2025-10-02_at_10.52.48_3.jpegWhatsApp_Image_2025-10-02_at_10.52.48.jpegWhatsApp_Image_2025-10-02_at_10.52.49_1.jpeg