2025 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және қызметкерлер арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.
Жиынға бас директор М.Тайпин төрағалық етіп, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Комплаенс офицер Ж.Сүлейменов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары мен тәуекелдердің алдын алу тетіктері жөнінде түсіндірме берді.
Жиын соңында көркемдік жетекшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және заң талаптарын бұлжытпай орындауға дайын екендіктерін білдірді.