Skip to main content

«Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты танымдық дәріс-концерт өтті

27 қыркүйек күні Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, дәулескер күйші-композитор Тоғжан Жахиннің қатысуымен «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты танымдық дәріс-концерт өтті.

Көрермен қауымға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының тарихы мен ерекшеліктері таныстырылып, олардың үнімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді. Дәріс-концерт барысында күйлер орындалып, ұлттық мұрамыздың бай қырлары ашылды.

Жиналғандар халық аспаптарының сазды үніне тәнті болып, ерекше рухани әсер алды.

WhatsApp_Image_2025-10-02_at_10.52.49_2.jpegWhatsApp_Image_2025-10-02_at_10.52.49_3.jpegWhatsApp_Image_2025-10-02_at_10.52.49_4.jpeg