Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал еңбек – адал азамат» атты концерт өтті.

Шараның басты мақсаты – еңбек адамдарының қоғамдағы орнын айшықтап, әр саланың мамандарына құрмет көрсету, жас ұрпаққа адал еңбектің қадір-қасиетін дәріптеу болды.

Концертке филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысып, еңбек тақырыбына арналған әсерлі әндер мен күйлерді орындады. Көрермендер сүйікті өнерпаздарының орындауындағы туындыларды ыстық ықыласпен қабылдады.
