Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
2026 жылғы 4 маусым мен 5 шілде аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК-де (бұдан әрі – Филармония) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 29–30 маусым аралығында өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытынды нұсқасын бекіту 2026 жылғы 1–3 шілде аралығында жоспарлануда.
Талдау нәтижелері қорытынды нұсқа бекітілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.
Call – орталыққа қоңырау шалу «1424» нөмірі арқылы (қоңырау шалу тегін) республика бойынша қалалық телефондардан және барлық ұялы байланыс операторларынан жүзеге асырылады.