Skip to main content

ФИЛАРМОНИЯ ТУРАЛЫ

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония – ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан бері өнердің тамыры соғып тұрған қаланың музыкалық жүрегі, елордадағы ертеден келе жатқан мәдениет мекемелерінің бірі. Елордалық филармонияның қазіргі ғимаратының орнында Ақмола сауда орталығы - Қараөткел болған. Бұл ауқымды жәрмеңке аймақтың түкпір-түкпірінен келген саудагерлердің ғана емес, халық музыка өнерінің өкілдері үшін үлкен сахна болды.

Мұнда атақты Ғазиз Файзоллаұлы, Сатмағамбет Ахметов, Қосымжан Бабақов, Қарақас, Қапаш, Исабай және тағы басқа әншілердің көптеген жанкүйерлері жиналды. Белгілі музыканттар өздерінің шығармаларымен қоса, Ақан сері, Біржан салдың әйгілі туындыларын да орындады. Филармонияның қазіргі музыкалық жан-жақтылығы мүмкін осыдан бастау алған шығар...

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша жұмыс жиыны өткізілді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мақсаты мен міндеттері қарастырылды. Филармония бас директоры М.Тайпин ұйым қызметіндегі ашықтық, заңдылық және ада...
9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Астана қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевке ерекше құрмет көрсетілді. Небәрі 17 жасында сұрапыл соғысқа аттанып, ел қорғаған қарияның өмір жолы – бүгінгі жас ұрпақ үшін нағыз ерлік пен қайсарлықтың үлгісі. Мерекелік шара барысында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Үрлемелі оркестрі арнайы өнер көрсетіп, рухты оятатын патриоттық шығармаларды орындады. Ардагердің шаңырағында шырқалған әуезді әндер мен көрсе...
Ұлы Жеңіс мерекесіне тарту ретінде Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында «Кестелі орамал» атты мерекелік концерт болып өтті. Рухты әуен мен терең тарих тоғысқан бұл кеш майдан жылдарындағы жауынгерлердің төзімділігі мен бейбіт өмірге деген аңсарын өнер тілімен өрнектеді. Мерекелік шараның басты ерекшелігі – барлық шығармалардың Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбектің жетекшілігіндегі «Қорқыт» этно-ансамблінің сүйемелдеуімен орындалуы болды. Ұлтты...
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Ерлік дастаны» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Тарихқа тағзым етіп, қан майданда от кешкен жауынгерлердің рухына арналған бұл музыкалық кеш көрермендерді тебіреніске толы естеліктер қойнауына жетеледі. Кеш бағдарламасын филармонияның Симфониялық оркестрі сүйемелдеп, еліміздің танымал өнер жұлдыздары сахна төрінде бас қосты. Сүндет Байгожиннің орындауындағы «Журавли» туындысы мен Бибігүл Жан...
«Ұлы Жеңіске арналады!» атты мерекелік концерт 9 мамыр күні Орталық алаңда қала жұртын бір ырғаққа салып тамаша естелік сыйлады. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен өткен бұл шара халқымыздың ерлік дәстүрін ұлықтап, майдангерлердің өнегесін дәріптеуге арналды. Салтанатты кештің шымылдығын филармонияның Үрлемелі оркестрі ашып, соғыс жылдарындағы рухты әуендерді орындады. Мерекелік бағдарлама аясында «Саржайлау», «Атамекен», «Бабалар аманаты» жә...
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Астана қаласындағы Амфитеатр сахнасында «Мәңгілік ерлікке тағзым» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бастамасымен қолға алынған бұл шара халқымыздың ерлік жолын дәріптеуді және майдан жылдарындағы қайсар рухты ұлықтауды мақсат етті. Ашық сахнаға жиналған қауым патриоттық әуендермен сусындап, бейбіт күннің құндылығын тағы бір мәрте сезінді. Концерт бағдарламасында Еркеғали Рахмадиев атындағы ...

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР