Астана қаласының Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ композиторларының әндеріне арналған «Есіңде ме…» атты концертке шақырады.
Кеште қазақ музыкасының классикасына айналған шығармалар орындалып, тыңдармандар халық жүрегінен орын алған туындыларды қайта тыңдау мүмкіндігіне ие болады.
Концертке ҚР халық әртісі Майра Ильясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Естай Мұқашев, Гүлнұр Оразымбетова, сондай-ақ еліміздің танымал әншілері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысады.
Әуезді кеште музыка мен естеліктер үндесіп, көрермендерді қазақ эстрадасының алтын қорына саяхат жасатады.
1 қараша 2025 ж., 19:00
Астана қаласы, Филармонияның Камералық залы (Абай даңғылы 29)
Байланыс телефондары: +7 (7172) 75 23 83, +7 701 454 19 75