Skip to main content

«Әсерлі ән сал, Домбыра!» концерті Халық ән бөліміне – 20 жыл

2025 жылғы 16 қазан күні сағат 19:00-де Астана қаласындағы Филармония концерт залында  Халық ән бөлімінің 20 жылдығына арналған «Әсерлі ән сал, Домбыра!» атты мерекелік концерт өтеді.

Бұл кеш — дәстүрлі өнерге қызмет етіп келе жатқан шәкірт пен ұстаздың, бүгінгі буын мен бұрынғы мектептің, ән мен тәрбие, дәстүр мен жаңашылдықтың көркем үндестігі. Концерт аясында халық ән өнерінің бай мұрасы дәріптеліп, түрлі мектептер мен стильдердегі әндер орындалады.

Концертке қатысушылар:
Нұрай Танабаев, Гүлзира Бөкейхан, Айгүл Қосанова, Берік Омаров, Гүлмира Сарина, Арайылым Рахым, Телман Нұркенов, Данияр Мұқанов, Айгерім Нартүие, Жақсылық Маясаров, Рахат Бегасилов, Зинат Қасымова, Нұржан Мейрхан, Сәулежан Тағзия, Айнұр Қонысбаева, Жандос Иманбай, Айбала Бейсенова, Өзгеріс Шерікбай, Нұрайым Ерталапқызы, Айдос Оңғарбай және Ершат Қайырхан.

«Қорқыт» этно ансамблі
Көркемдік жетекші: Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек

Өтетін орны:
Филармония концерт залы,
Астана қ., Кенесары көш., 32

Байланыс телефондары:
+7 (7172) 75 23 83
Билеттер: freedomticket.kz
Жас шектеуі: 7+
Instagram: @astana_filarmoniasy


  • Билет сатып алу

  • Күні:

    Қазан 16, 2025
  • Басталуы:

    19:00