Skip to main content

Шуман и Брамс: диалог романтиков

2026 ж. 20 қарашада сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында Қазақстан Республикасының Forte Trio мемлекеттік триосының орындауында «Шуман мен Брамс: романтиктер сұхбаты» концерті өтпек.

Кеш бағдарламасына музыкалық романтизмнің екі көрнекті өкілінің шығармалары енді: Роберт Шуманның «Фантастикалық пьесалары» мен Иоганнес Брамстың № 3 фортепиано триосы (до минор, 101-опус). Олардың музыкасы сезім тереңдігімен, мәнерлілігімен және көркем бейнелердің байлығымен ерекшеленеді.

Сахнада Мақсат Жүсіпов (скрипка) мен Мұрат Нарбеков (виолончель) өнер көрсетеді. Ұжымның көркем жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

Концерт романтикалық музыка әлеміне бойлап, камералық ансамбльдің үнін тамашалауға таптырмас мүмкіндік болары анық.


  • Күні:

    Қараша 20, 2026
  • Басталуы:

    19:00