Skip to main content

Мастер и Маргарита – 7 труб Апокалипсиса

«Мастер и Маргарита — 7 труб Апокалипсиса» концерті

Күні: 2026 жылғы 22 қараша

Уақыты: 17:00

Өтетін орны: Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы, Кенесары көшесі, 32

2026 ж. 22 қараша күні сағат 17:00-де Астанадағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Мастер и Маргарита — 7 труб Апокалипсиса» концерті өтпек.

Кеш бағдарламасында ауқымды оркестр үнін, хордың мәнерлі орындауы мен жарқын музыкалық бейнелерді тоғыстырған үрмелі оркестр мен камералық хорға арналған шығармалар орындалады.

Концертті Оскар Наварроның Las Siete Trompetas del Apocalipsis («Ақырзаманның жеті кернейі») шығармасы ашады. Үрмелі оркестр мен камералық хордың орындауында композитор Игорь Корнелюктің «Мастер и Маргарита» телехикаясының сарындары бойынша жазылған фантазиясы да шырқалады. Бағдарламаны Филип Спарктың үрмелі оркестрге арналған Dance Movements шығармасы түйіндейді.

Алуан түрлі музыкалық пішіндер мен үрмелі аспаптар және хордың мәнерлі мүмкіндіктерін тоғыстырған кеш тыңдармандарды шетелдік және отандық композиторлардың шығармаларымен таныстырады.

Үрмелі оркестрдің көркем жетекшісі — Н. Почиталин, камералық хордың көркем жетекшісі — Г. Құттыбадамова.


  • Күні:

    Қараша 22, 2026
  • Басталуы:

    17:00