9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Астана қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевке ерекше құрмет көрсетілді. Небәрі 17 жасында сұрапыл соғысқа аттанып, ел қорғаған қарияның өмір жолы – бүгінгі жас ұрпақ үшін нағыз ерлік пен қайсарлықтың үлгісі.
Мерекелік шара барысында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Үрлемелі оркестрі арнайы өнер көрсетіп, рухты оятатын патриоттық шығармаларды орындады. Ардагердің шаңырағында шырқалған әуезді әндер мен көрсетілген сый-құрмет қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, аға буынның қаһармандығына тағзым етудің жарқын көрінісіне айналды. Мұндай тағылымды кездесулер Отан үшін от кешкен батырларымыздың еңбегін ұлықтап, Жеңіс рухын асқақтата түсті.

