Skip to main content

«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі»

«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік

2025 жылғы 21 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күніне орай елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараға мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, соның ішінде Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымы да белсене қатысты.

Филармония қызметкерлері сенбілік барысында қаланың көркейіп, таза әрі жайлы болуына өз үлестерін қосты. Мұндай экологиялық шаралар ұжымдық жауапкершілікті арттырып қана қоймай, жас ұрпаққа табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жанашырлық танытудың үлгісін көрсетеді.

Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты – елордамызды таза, экологиялық тұрғыдан қолайлы қала ретінде дамытуға ықпал ету, тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеу.