
2025 жылдың 18 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында Қазақ оркестрінің XXVIII-ші концерттік маусымының ашылуы өтті. «Құлақтан кіріп бойды алар» атты концерт қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ұлы ақын, философ, сазгер Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналды.

Кеш барысында Абайдың шығармалары мен қазақ музыкасының інжу-маржандары орындалып, көрермендерге рухани серпіліс сыйлады. Оркестрді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов пен ҚР мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов басқарды. Сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Асылзат Нұғыманова мен Нұрқанат Тапиев өнер көрсетті.
