2025 жылғы 5 шілде күні Елордадағы Амфитеатрда (Тұран даңғылы, 2/6) Астана күніне орай “Астана – Арман қала” атты ауқымды мерекелік концерт өтті.

Іс-шараны Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұйымдастырды. Концерт барысында отандық музыка өнерінің танымал өкілдері мен сахна шеберлері елордалықтар мен қала қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сахна төрінде Майра Ильясова, Нұржамал Үсенбаева, Естай Мұқашев, Сүндет Байғожин, Қанат-Света Айтбаевалар ,Арайлым Рахымқызы, Ұлықпан Жолдасов, Гүлнұр Оразымбетова, Алишер Қарабай, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Құралай Мейрамбек, Жұмажан Жұлқаш, Ақбота Құснадин, Акимхан Маженов, Қымбат Жамбылбек, Айдын Жұмабай, Диана Май, Парасат Отан, Дидар Серікқали, Темір Дәулетбек, Нұрлан Нұрышев, Алтыншаш Мұқатаева, Тұрар Төлеутай, Бекжан Садуақас және басқа да талантты орындаушылар өнер көрсетті.

Кеш барысында халық әндері, патриоттық шығармалар мен заманауи музыкалық туындылар орындалып, елорданың мәдени ажарын айшықтай түсті. Концерт көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қала күніне арналған керемет тартуға айналды.