Skip to main content

FILARMONIA FEST 2025 аясында өткен «Музыка балалар көзімен» жобасы

 

Астана қаласы филармониясында балаларға арналған шығармашылық шара өтті

2025 жылғы шілденің 9-ы күні FILARMONIA FEST 2025 фестивалі аясында Астана қаласы филармониясында балаларға арналған ерекше шара – «Музыка балалар көзімен» / «Я рисую музыку» атты жоба ұйымдастырылды.

Аталмыш жоба – балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Кішкентай қатысушылар музыка тыңдай отырып, өз қиялдары мен эмоцияларын суретке түсіріп, әуен мен бейнелеу өнерін ұштастырды.

Балалар күлкісі мен шабытқа толы бұл күн – өнердің болашағына деген сенімді нығайтып, жас ұрпақтың шығармашылық мүмкіндіктерін танытты.

«Музыка балалар көзімен» жобасы – өнер арқылы тәрбиелеудің жарқын үлгісі бола білді.