2025 жылдың 18 мамырында Күләш Байсейітова атындағы Astana Opera Камералық залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры «Жанымды тербеткен әуен» атты ерекше концертін ұсынды.
Залда тыңдармандар ерекше ықыласпен қабылдаған бұл кеш — қазақ музыкасының асыл мұрасын дәріптеген рухани думанға айналды. Хор орындауындағы лирикалық және халықтық әндер көрермен көңілін тербетіп, ұмытылмас әсер қалдырды.

🌟 Концертке атсалысқандар:
• Көркемдік жетекші және бас дирижер — Гүлмира Құттыбадамова
• Бас хормейстер — Данара Ташатова
• Концертмейстер — Гүлден Базыкен

Кештің репертуарында Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев сынды композиторлардың жүрекке жақын шығармалары орындалды. Әуен мен мағына үйлескен әсерлі кеш көрермен жүрегін тербеп, көпшілік қошеметіне бөленді.