Skip to main content

“Сол бір кез” ретро концерті – Шәмші Қалдаяқовқа тағзым

2025 жылдың 17 мамыр күні сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония концерт залында қазақ вальсінің падишасы, ұлт композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Сол бір кез» атты ретро концерт өтті.Кеш барысында көрермендерге Шәмші Қалдаяқовтың жүрекке жылы, ел есінде жатталған әндері ұсынылды. Ұлы сазгердің шығармашылығының шексіздігін тағы бір дәлелдеген бұл кеште зал лық толып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Шығармашылық құрам:

Концертке филармонияның халық музыка ансамблі – «Сарыарқа» ұжымы жетекшілік етті. Сондай-ақ, филармонияның әртістері, халық және классикалық вокал бөлімінің солистері, заманауи балет өнерінің «ALEM» би тобы кеш мазмұнын байыта түсті.

Кеште өнер көрсеткендер:
• Майра Ильясова
• Нұржамал Үсенбаева
• Светлана Айтбаева
• Арайлым Рахым
• Сәкен Сыдық
• Нұрай Танабаев
• Берік Омаров
• Сүндет Байғожин
• Шахризада Тыныштық
• Мұратбек Хайролда
• Нұржан Мейірхан
• Алуа Қалымбекова
• Әйман Мәженова
• Нұрсат Алмас

Кештің көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Тұрсын Жахин.

Шәмші мұрасы – халық жадында Концерттің басты мақсаты – ұлы композитордың мол мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа жеткізу, қазақ музыкасының алтын қорын бағалау болатын. Бұл мақсат толық орындалып, көрерменнің ерекше қошеметіне ие болды.