Skip to main content

Досымжан Таңатаровтың “Біздің елдің жігіттері” атты ән кеші өтті

2025 жылдың 11 мамыр күні Астана қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Досымжан Таңатаровтың «Біздің елдің жігіттері» атты шығармашылық ән кеші өтті.

Кеш барысында Досымжан Таңатаров көрермендерге патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ең таңдаулы туындыларын ұсынып, ән өнерінің көркемдігі мен терең мазмұнын паш етті. Концертте қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары қонақ ретінде қатысып, өнер көрсетіп, мерекелік кештің сәнін келтірді.Әншінің шығармашылығында ерекше орын алатын ұстазы, Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжановпен бірге орындаған әндері кештің шарықтау шегіне айналып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген бұл сәт көпшіліктің жүрегінен орын тауып, есте қаларлық әсерлі көрініске айналды.«Біздің елдің жігіттері» концерті – ұлттық өнер мен заманауи эстраданың тоғысқан, ұлт рухын асқақтататын мазмұнды кеш болды. Өнерсүйер қауымға рухани ләззат сыйлаған кеш көпшіліктің зор қошеметіне ие болды.

 

Әншінің шығармашылығында ерекше орын алатын ұстазы, Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжановпен бірге орындаған әндері кештің шарықтау шегіне айналып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген бұл сәт көпшіліктің жүрегінен орын тауып, есте қаларлық әсерлі көрініске айналды.

 

«Біздің елдің жігіттері» концерті – ұлттық өнер мен заманауи эстраданың тоғысқан, ұлт рухын асқақтататын мазмұнды кеш болды. Өнерсүйер қауымға рухани ләззат сыйлаған кеш көпшіліктің зор қошеметіне ие болды.