Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қызметкерлері үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған арнайы жиын ұйымдастырылды.
Жиын барысында мекеме басшысы Е.Дакенов адал қоғам құру баршамыздың ортақ міндетіміз екенін, заңды сақтау қажеттілігі туралы айтты. Офицер комплаенс Ж.Сулейменов қатысушыларға жемқорлықтың қоғамға зиянды әсері мен оның теріс салдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, 2025 жылдың жоспары туралы пікір алысылды. Іс-шараға 27 қызметкер қатысты.
