Skip to main content

Филармонияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті

Филармония қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, адалдық қағидаттарын нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жиыны өткізілді.

Жиын барысында филармония директоры М.Тайпин сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем жол бермеу қағидатын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Ол заң талаптарын сақтау, ашықтық пен әділдік қағидаттары мекеменің тұрақты дамуы мен беделін нығайтудың негізгі факторы екенін айтты.

Сонымен қатар, комплаенс-офицер Ж.Сулейменов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, құқық бұзушылық түрлері және олардың алдын алу тетіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Ішкі бақылау жүйелері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шараларына ерекше назар аударылды.

Жиын соңында қатысушылар белсенді пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап алды. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға атсалысып, адал әрі жауапты қызмет етуге дайын екендіктерін білдірді.

Аталған іс-шара филармония ұжымында құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмысты күшейтуге ықпал етеді.