Skip to main content

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

2025 жылғы 21 мамыр күні Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Астана қаласының мәдениет және өнер ұйымдарының шығармашылық ұжымдары қатысқан бұл шара – мәдениет майталмандарына деген ерекше құрметтің көрінісі болды. Кеш барысында салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталып, олардың қоғамдағы орны мен еңбегі жоғары бағаланды.

Салтанатты іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысып, мәдениет саласының ардагерлерін және жас буын өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Бұл шара – өнер мен руханият саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегіне көрсетілген шынайы ризашылық пен ілтипаттың айғағы болды.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – ел руханиятының дамуына үлес қосып жүрген жандардың еңбегін бағалау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету, әрі болашақ ұрпақты өнер мен мәдениетке баулу жолындағы жұмыстарына шабыт сыйлайтын маңызды күн.