2025 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 18:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Концерт залында ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ерекше концерт өтеді.
Кеш барысында тыңдарманға қазақ опера өнерінің үздік туындылары ұсынылады.
Қазақ классикалық музыкасының жауһарларын филармонияның Симфониялық оркестрі орындайды.
• Көркемдік жетекші – Абзал Мұхитдин
• Бас дирижер – Қалқаман Дюсембаев
Сахна төрінде филармонияның дарынды солистері өнер көрсетеді:
Айгерім Аманжолова,
Шахризада Тыныштық,
Нұрсат Алмас,
Алтынбек Арыстанбек,
Фируза Рахметова,
Ринат Нұрмұхан,
Әділ Сұлтан,
Қуаныш Белал.
Бұл кеш көрермендерді қазақ опера өнерінің ғажайып әлеміне жетелеп, ұлт мәдениетінің асыл мұрасымен қайта қауыштырады.
📍 Өтетін орны: Астана қ., Кенесары көшесі, 32
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Концерт залы
📞 Байланыс телефондары: +7 (7172) 75 23 83, +7 702 891 70 44
🎫 Билеттер Freedom Ticket және Halyk Bank жүйелерінде қолжетімді.