2025 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында «Forte Trio» мемлекеттік триосының концерті өтеді. Іс-шара «Күз Вена классиктерімен» атты цикл аясында ұйымдастырылып отыр.
Бағдарламада әлемдік музыка тарихында өшпес із қалдырған ұлы композиторлардың шығармалары орындалады:
• Л.Бетховен – Трио ор.1 №1, ми-бемоль мажор
• В.Моцарт – Квартет №2 K493, ми-бемоль мажор
Концертке қатысушылар:
• Тимур Урманчеев – фортепиано
• Мұрат Нарбеков – виолончель
• Мақсат Джусупов – скрипка
Арнайы қонақ:
• Леонид Мысовский – альт
Бұл кеште көрермендер Вена классиктерінің әуезді шығармалары арқылы классикалық музыка өнерінің тереңдігі мен сұлулығына саяхат жасайды.
Өтетін орны: Астана қ., Абай даңғылы, 29,
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Камералық зал
📞 Байланыс телефондары: +7 (7172) 75 23 83, +7 701 540 72 12
🎫 Билеттер Freedom Ticket және Halyk Bank жүйелерінде қолжетімді.