Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Ерлік- Елдік дастаны» атты командалық айтыстың жартылай финалы өтеді. Бұл жолы Ақтөбе мен Түркістан қалаларының айтыскерлері өнер бәсекесінде бас қосады.«Ерлік-Елдік дастаны» — дәстүрлі айтысты жаңа форматта ұсынатын ерекше жоба. Мұнда тек суырыпсалма айтыс қана емес, ән, жыр, күй, терме өнерлері тоғысып, көрерменге ұлттық рух пен рухани нәр сыйлайды. Ақындар ерлік пен елдік ұғымдарын дәріптеп, тарихи сана мен ұлт болмысын жырға қосады.
Уақыты:14:00
Күні: 3 мамыр
Мекен жайы: Кеңесары 32