Skip to main content

Shine of Classic

2026 жылғы 25 қаңтарда, сағат 17:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында
(Абай көшесі, 29) симфониялық оркестрдің «Shine of Classic» атты жарқын музыкалық кеші өтеді.

Жобаның авторы - Темірлан Нұржау. Бұл концерт классикалық музыканың жарқыраған әлеміне арналған: форма салтанаты мен ой тереңдігі тоғысқан, дыбыс қуаты шынайы көркемдік әсер тудыратын кеңістік. Осы кеште филармония сахнасы дәуірлердің, стильдер мен композиторлық мінездердің үнқатысу алаңына айналады.

Концертке Е. Рахмадиев атындағы филармонияның симфониялық оркестрі қатысады. Бірнеше дирижёрдің басқаруымен оркестр веналық классикадан ХХ ғасыр музыкасына дейінгі классикалық репертуардың бай бояуын ұсынады.

Бағдарлама драматизм мен театрлық ауқымға толы шығармалармен ашылады.
Дирижёр Шыңғыс Үсеновтың жетекшілігімен Вольфганг Амадей Моцарттың «Дон Жуан» операсына жазылған увертюра - тегеурінді энергия мен ішкі қайшылықтың символы, сондай-ақ Людвиг ван Бетховеннің «Кориолан» увертюрасы - ерік күші мен трагедиялық таңдаудың музыкалық монументі орындалады.

Дирижёр Георгий Кожабеков тыңдарманға классикалық музыканың нәзік те жарқын жауһары - В. А. Моцарттың «Кішкентай түнгі серенадасын» ұсынады. Бұл шығармада форма айқындығы мен әсемдік оркестр үні арқылы айрықша мөлдірлікпен ашылады.

Концерттің екінші бөлімінде дирижёр Дәулет Ғабитовтың басқаруымен Бетховеннің «Эгмонт» увертюрасы - еркіндік пен күрес рухына толы туынды, сондай-ақ Джоаккино Россинидің «Жібек баспалдақ» увертюрасы - шапшаңдығы, виртуоздығы мен жарқын мінезімен ерекшеленетін шығарма орындалады.

Бағдарламаның қорытынды бөлімі дирижёр Темірлан Нұржаудың жетекшілігімен ұсынылады. Концерттің маңызды сәттерінің бірі - Карл Мария фон Вебердің фаготқа арналған «Анданте және рондо» шығармасы. Бұл туындыда солист Ақжол Сыдықжан аспаптың көркем мүмкіндіктерін және орындаушылық шеберлігін паш етеді. Кештің лирикалық шыңы - Пьетро Масканьидің «Сельская честь» операсынан алынған интермеццо, нәзік эмоция мен ішкі драматизмге толы шығарма.
Кеш Сергій Прокофьевтің Классикалық симфониясымен түйінделеді - бұл туындыда классикалық форманың сымбаттылығы ХХ ғасырлық батыл авторлық стильмен үйлеседі.

«Shine of Classic» - академиялық өнердің шынайы мерекесі, классикалық музыканың мәңгілік сұлулығы мен рухани нұрының салтанаты. Ол бүгінгі күні де тыңдарманды шабыттандырып, асқақтатып, біріктіре береді.


  • Күні:

    Қаңтар 25, 2026
  • Басталуы:

    17:00