2026 жылғы 23 қаңтарда сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында К. Жұмабеков атындағы Үрмелі аспаптар оркестрінің «Классикадан джазға дейін» атты концерті өтеді.
Бұл музыкалық кеш үрмелі аспаптардың көркемдік болмысын ашып, олардың кең диапазондағы көркемдік мүмкіндіктерін, тембрлік байлығын және әр дәуір мен стиль аясындағы дара мінезін паш етеді.
Концерт бағдарламасына Джордж Гершвин, Камиль Сен-Санс, Артур Прайер, Джеймс Ласт шығармалары, заманауи композиторлардың туындылары, сондай-ақ Н. Почиталиннің қазақ фольклоры мен Абай музыкасына жасаған өңдеулері енеді. Репертуар классикалық музыка, джаз элементтері және ұлттық музыкалық дәстүрді тоғыстырып, тың көркемдік палитра қалыптастырады.
Сахнада труба, тромбон, валторна, гобой, саксофон, кларнет, фагот және туба жеке орындауларда да, ансамбль құрамында да шырқалады.
Бұл концерт өнер сүйер қауым үшін елеулі мәдени оқиға болып, тыңдармандарға эстетикалық ләззат, эмоциялық әсер және жаңа музыкалық ашылымдар сыйлайды.