29 қазан күні сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында тыңдарман қауымға ерекше музыкалық кеш – «RETRO CONCERT» ұсынылады.
Кеш барысында филармонияның К. Жұмакенов атындағы үрмелі аспаптар оркестрі әйгілі француз және итальян әндерін орындайды. Бағдарлама ХХ ғасырдың жарқын классикалық хиттерін заманауи өңдеуде ұсына отырып, көрерменді романтика мен сағынышқа толы музыкалық саяхатқа жетелейді.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин.
📍Өтетін орны: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 32