2025 жылдың 29 қарашасы күні сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Шалқыма» халық би ансамблінің «Достық жолы» атты концерті өтеді.
Көркемдік жетекшісі — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абдрасул Ескеев.
Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан және «Құрмет» орденінің иегері Нұрай Танабаев, сондай-ақ «Сарыарқа» халық музыка ансамблі қатысады.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.
Кеш барысында халық биі мен ұлттық өнердің әсем үндестігі көрерменге ерекше әсер сыйлайды.
Өтетін орны: Астана қ., Кенесары к-сі, 32
Күні: 29 қараша 2025 жыл
Басталуы: 17:00
Билеттер Freedom Ticket сайтында сатылады