Skip to main content

«Өлеңімде өмір бар өзің жайлы…»

«Өлеңімде өмір бар өзің жайлы…»

Астана қаласының Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, Қазақстанның халық ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Өлеңімде өмір бар өзің жайлы…» атты мерекелік концертке шақырады.

Кеш барысында ақынның жүрекке жақын, кең таралған шығармаларына жазылған таңдаулы әндер шырқалады.
Концертке Қазақ оркестрі (көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов), ҚР халық әртісі Майра Ильясова, сондай-ақ еліміздің белгілі өнер майталмандары – Светлана Айтбаева, Естай Мұқашев, Арайлым Рахым, Фарида Жолдасова, Алтыншаш Мұқатаева және жас дарындар қатысады.

Көрермендерді нәзік сырлы өлең мен әуеннің үйлескен әсем кеші күтеді.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 75 23 83

28 қазан 2025 ж., 19:00
Астана қаласы, Филармония концерт залы (Кенесары көш., 32)


  • Күні:

    Қазан 28, 2025
  • Басталуы:

    19:00