2025 жылғы 5 шілде күні сағат 20:30-да Астана қаласындағы Амфитеатрда (Тұран даңғылы, 2/6) қала күніне орай ауқымды “Астана – Арман қала” атты мерекелік концерт өтеді.
Іс-шараны Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырып отыр. Концерт аясында Қазақстанның музыка өнерінің көрнекті өкілдері мен сүйікті сахна шеберлері өнер көрсетеді.
Концертке қатысатын әншілер:
Майра Ильясова, Нұржамал Үсенбаева, Естай Мұқашев, Сүндет Байғожин, Қанат-Света Айтбаевалар ,Арайлым Рахымқызы, Ұлықпан Жолдасов, Гүлнұр Оразымбетова, Алишер Қарабай, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Құралай Мейрамбек, Жұмажан Жұлқаш, Ақбота Құснадин, Акимхан Маженов, Қымбат Жамбылбек, Айдын Жұмабай, Диана Май, Парасат Отан, Дидар Серікқали, Темір Дәулетбек, Нұрлан Нұрышев, Алтыншаш Мұқатаева, Тұрар Төлеутай, Бекжан Саудақас және басқа да талантты орындаушылар.
Кеште патриоттық әндер мен жаңа туындылар, халық әндері мен заманауи музыкалық композициялар орындалып, Астананың мәдени келбетін айшықтай түседі.
Кіру жасы: 7+
Билеттерді Freedom Ticket және Halyk Bank платформаларынан сатып алуға болады.
Байланыс телефондары: +7 777 076 7059, +7 701 766 13 96
Instagram: @astana_filarmoniasy