2025 жылдың 18 мамыр күні сағат 19:00-де Күләш Байсейітова атындағы Astana Opera-ның Камералық залында «Жанымды тербеткен әуен» атты әсерлі концерт өтеді.
Кеш иесі – Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры. Кеште қазақ музыкасының алтын қорына енген, бірнеше ұрпақтың жадында жатталған әндер орындалады. Бұл — халықтық әуен мен кәсіби хор өнерінің үндескен музыкалық кездесуі болмақ.
🎼 Орындайтындар:
• Камералық хор
Көркемдік жетекші әрі бас дирижер — Гүлмира Құттыбадамова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бас хормейстер — Данара Ташатова
Концертмейстер — Гүлден Базыкен
📍 Концерт жайлы ақпарат:
• Өтетін орын: Astana Opera, Камералық зал
• Күні: 18 мамыр 2025
• Уақыты: 19:00
• Билеттер: www.astanaopera.kz
• Байланыс: +7 (7172) 709 600