2025 жылғы 12 маусым күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановтың жеке концерті өтеді.
Музыкалық кеш «Өткен ғасырдың ретро әндері» деген атаумен көрермендерге XX ғасырдың әйгілі әндерін ұсынады.
Кеш бағдарламасында қазақ музыкасының алтын қорына енген танымал әндер шырқалып, тыңдармандарды өткен дәуірдің ерекше атмосферасына жетелейді.
Концертке қатысатындар:
• Симфониялық оркестр
Көркемдік жетекшісі — Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдин
Бас дирижёр — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Қалқаман Дүсембаев
• Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қанат Ахметов
• Халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Божакова
Бұл музыкалық кеш көрермендерге сағынышқа толы әуендерді сыйлап, ретро әндер арқылы ұлттық мәдени мұраны қайта жаңғыртатын ерекше концерт болмақ.
Байланыс телефондары:
+7 (7172) 75 23 83
+7 702 891 70 44
Мекенжай: Кенесары 32