2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 18:00-де Астана қаласы, Абай даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында елге кеңінен танымал FORTE TRIO ұжымы «SUMMER Serenade» атты концертін ұсынады.Кеш бағдарламасында әлемдік классикалық музыканың ең танымал туындылары шырқалады. Жылы әрі шырайлы жазғы көңіл-күй сыйлайтын музыкалық кеш көрермендерге шынайы эстетикалық ләззат сыйламақ.
FORTE TRIO құрамында:
• Максат Джусупов (скрипка),
• Мурат Нарбеков (виолончель),
• Тимур Урманчеев (фортепиано).
Концерттің арнайы қонағы — Қазақстан Республикасының халық әртісі, танымал сопрано әнші Нұржамал Үсенбаева.
Бұл кеш классикалық музыка сүйер қауым үшін ұмытылмас сазды сапар болмақ.
Билеттер Freedom Ticket сайтында сатылады.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 75 23 83.