2025 жылғы 17 мамыр күні сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында қазақ вальсінің королі, халық композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған “Сол бір кез” ретро концерті өтеді.
Концертте “Сарыарқа” халық музыка ансамблі, филармонияның дәстүрлі әншілері мен эстрада вокалистері көрермен қауымға композитордың ел арасында сүйікті әндерінен тартымды бағдарламаны ұсынады.
Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы – қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына енген рухани қазына. Оның лирикалық әндері мен вальстері бірнеше ұрпақтың сүйікті әуеніне айналды. Концертте “Ана туралы жыр”, “Менің Қазақстаным”, “Сыған серенадасы”, “Бақыт құшағында” сынды халыққа кеңінен танымал әндер орындалады.
Концертке қатысушылар:
• Майра Ильясова
• Нұржамал Үсенбаева
• Светлана Айтбаева
• Арайлым Рахым
• Сәкен Сыздық
• Нұрай Танагөзов
• Берік Омаров
• Сүндет Байғожин
• Шахризада Тыныштық
• Мұратбек Хайролда
• Нұрқанат Мейірхан
• Алуа Қалымбекова
• Айжан Мәженова
• Нұрсат Алмас
Сонымен қатар, концертте “ALEM” заманауи хореография балеті, эстрада вокал бөлімі, классикалық вокал бөлімі, халық ән бөлімі және филармонияның жеке солистері өнер көрсетеді.
Көркемдік жетекші – Мәдениет саласының үздігі Төрехан Жахин.
Өтетін орны:
Астана қаласы, Кенесары көшесі, 32. Филармония концерт залы.
Байланыс телефондары:
+7 (7172) 75 23 83
+7 (747) 363 96 85